Алғыс айту игі істің бір бөлігіне айналғанда

Алғыс айту игі істің бір бөлігіне айналғанда

Донорларымыздың алғыс сөздері біз үшін әрдайым ерекше құнды. Олар бізді бұдан да жақсы болуға ынталандырып, күн сайын өз жұмысымызды не үшін атқаратынымызды еске салады.

Бүгін 2013 жылдан бері қан тапсырып, адам өмірін сақтауға өз үлесін қосып келе жатқан тұрақты донорымыз Жарымканов Ермек Жарымханұлының жылы лебізін сіздермен бөліскіміз келеді: «Құрметті қан орталығының қызметкерлері! Сіздердің ұжымдарыңызға күрделі әрі маңызды жұмысты жоғары деңгейде атқарып, ұйымшылдықпен қызмет етіп жүргендеріңіз үшін шын жүректен алғысымды білдіргім келеді.

Қан дайындау бөлімінің медбикелері Стрыжкова Елена Ивановнаға, Маукенова Жанаргүл Сарбасовнаға, Жанабілова Мадина Арманқызына, қан тестілеу бөлімінің зертханашысы Куркина Каролина Алексеевнаға ерекше алғысымды білдіремін. Әлеуметтік желілерде өзекті ақпаратпен бөлісіп отыратын Мустафина Мира Акылбековнаға және донорларға әрдайым көңіл бөліп, ілтипатпен қарайтын буфетші Асылханова Сауле Мамырбековнаға рақмет!

Бүгін алғаш рет тромбоцит тапсырдым. Процедура жеңіл өтті, себебі барлық қызметкерлер өз ісінің кәсіби мамандары. Қанша жыл өтсе де, мен сіздердің қан орталықтарыңызға әрдайым қуана келемін. Донор болғаныма еш өкінбеймін, өйткені адамдарға көмектесіп жүрмін!».

Құрметті Ермек Жарымханұлы! 13 жыл бойы донор болып, бізге сенім білдіргеніңіз және осындай шынайы лебізіңіз үшін Сізге шын жүректен алғысымызды білдіреміз! Қан орталығында өзіңізді жайлы әрі сенімді сезінетініңізді білу біз үшін ерекше маңызды. Ал тромбоцит доноры ретіндегі алғашқы тәжірибеңіз адам өмірін сақтауға қосқан тағы бір үлесіңіз болды.

Өйткені әрбір донацияның артында жай ғана қан немесе оның компоненттері емес, біреудің үміті, біреудің денсаулығы және біреудің өмірі тұр.

Адам өмірін сактауға көмектесіп жүргеніңіз үшін ракмет!

СҮЙЕК КЕМІГІ ДЕГЕН НЕ?Қан тапсыруға қалай дайындалуға болады?

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33