«АЭС Өскемен ГЭС» ЖШС-дегі жұмыс бірлігі
2023 жылғы 16 тамызда «АЭС Өскемен ГЭС» ЖШС қызметкерлері үшін корпоративтік донорлық күн өтті. Энергетиктер үшін мұндай іс-шаралар жақсы дәстүрге айналды, оған белсенді де, алғашқы донорлар да қатысты. Ірі кәсіпорындарда жұмыс істейтін басшылардың, донорлардың жауаптылығының арқасында ШҚ облыстық қан орталығында тұтас қан банкін тез және елеулі түрде толықтыруға мүмкіндік бар.
«АЭС Өскемен ГЭС» ЖШС қызметкерлеріне жұмыс бірлігі, корпоративтік дәстүрлерге адалдығы, адам өміріне мейірімділік пен бей-жай қарамағаны үшін алғыс білдіреміз, сондай-ақ жыл сайын қан мен оның компоненттерін өтеусіз, ерікті және тұрақты донорлық ету Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау ұйымдарында мыңдаған пациенттердің өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретінін еске саламыз.