Бақ біз туралы: «Өзгеге өмір сыйлау – бақыт»

Бақ біз туралы: «Өзгеге өмір сыйлау – бақыт»

5 қараша күні Шығыс Қазақстан облыстық «Менің өлкем» газетінің «Медицина»
айдарында Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының қызметіне арналған «Өзгеге
өмір сыйлау – бақыт» атты мақала жарық көрді.
Мақалада спикер ретінде Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы директорының
медициналық бөлім жөніндегі орынбасары Татьяна Николаевна Войнова сөз сөйледі.
Материалда қан орталығының маңызды әрі жауапты қызметі, донорлықтың
маңызы мен денсаулық сақтау жүйесіндегі рөлі, сондай-ақ қан мен оның
компоненттерін құюды қажет ететін пациенттерге уақтылы медициналық көмек
көрсетілуіне өз үлестерін қосып жүрген адамдар туралы баяндалады.
Әрбір донорлық қан тапсырудың артында өзгенің денсаулығы мен өмірі үшін өз
бойындағы бір бөлшегімен бөлісуге дайын, бейжай қарамайтын адамның
жанашырлығы тұрады. Сондықтан донорлық – жай ғана медициналық рәсім емес, ол –
мейірімділік, жауапкершілік пен адамгершіліктің ерекше мәдениеті.
«Менің өлкем» газетінің редакциясына донорлық тақырыбына назар аударып,
оқырмандарға Орталығымыздың қызметі туралы баяндауға мүмкіндік бергені үшін
алғыс білдіреміз!
Біз туралы оқыңыздар, донорлық туралы көбірек біліңіздер және игі іске өз
үлестеріңізді қосыңыздар!
#БАҚБізТуралы #МеніңӨлкем #ШҚОҚанОрталығы #ҚанДонорлығы #ДонорлықБұлӨмір

Донор қанындағы хилез: себептері және алдын алу жолдары

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33