Біздің донорлық акция біздің серіктесіміз — «Maxi Mall» сауда-ойын-сауық орталығының қолдауымен өтті
Олардың қолдауының арқасында акция тек маңызды әрі пайдалы ғана емес, сонымен қатар донорларымыз үшін ерекше жылы әрі есте қаларлықтай шараға айналды. Әлеуметтік маңызы бар бастамаларды қолдау — бұл бүкіл өңірдің денсаулығы мен болашағына қосылған үлкен үлес.
Донорлық акцияны қолдағаны үшін «Maxi Mall» СОО-на ерекше алғысымызды білдіреміз. Сауда-ойын-сауық орталығы жақында ғана ашылғанына қарамастан, бүгінде өңірдің қоғамдық өміріне белсенді араласып, Шығыс Қазақстан облысында өтеусіз қан донорлығын дамытуға қолдау көрсетіп келеді. Бұл — бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің жарқын үлгісі.
Акция аясында «Maxi Mall» біздің донорларымызды жағымды сыйлықтармен қуантты: брендтік футболкалар, сәнді термостар мен кружкалар табыстады. Осындай көңіл бөлулер донорлыққа қатысуды одан әрі шабыттандыра түседі.
«Maxi Mall» — бұл тек заманауи сауда және демалыс орны ғана емес, сонымен қатар әр адам өзіне ұнайтын іс таба алатын кеңістік. Мұнда бүкіл отбасыңызбен уақытты жайлы өткізуге болады: сәнді бутиктерді аралап, гардеробты жаңартып, үйге және сыйлыққа қажетті заттарды сатып алып, фуд-корт аймағындағы дәмді тағамдар мен сусындардан ләззат алып, достармен кездесуге немесе жайлы атмосферада демалуға мүмкіндік бар. Балалар мен ересектер үшін бұл — шопинг, демалыс, ойын-сауық пен жарқын эмоциялар тоғысқан орын.
«Maxi Mall» өңір тұрғындары үшін жайлылықты, сапалы қызмет көрсетуді және отбасылық демалысты біріктіретін тартымды орталыққа айналуда. Ең бастысы — адамдарға жайлы орта қалыптастыра отырып, орталық қан донорлығын дамыту сияқты маңызды әлеуметтік бастамаларды да белсенді қолдайды.
Біз серіктесімізге жанашырлығы, бейжай қарамайтындығы және игі істердің бір бөлігі болғаны үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Бірге біз әлемді жақсартып, адам өмірін сақтап келеміз.


