Біздің дорорларымызға тағы бір жағымды сыйлық!

Біздің дорорларымызға тағы бір жағымды сыйлық!

Құрметті донорлар! Сіздерге Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының серіктестер қатарына EMENU компаниясы қосылғанын қуана хабарлаймыз.

EMENU – қазақстандық IT-компания және тағамдар мен түрлі тауарларды жеткізу сервисі. Компания мейрамханалар, кафелер, дүкендер мен курьерлерді бірыңғай платформада біріктіріп, пайдаланушыларға мобильді қосымша немесе веб-сайт арқылы тапсырыс беруге мүмкіндік береді. Компания «EMENU» ЖШС ретінде тіркелген және 2016 жылдан бері қызмет атқарып келеді.

Енді қан тапсырғаннан кейін әрбір донор EMENU сервисі арқылы тапсырыс беруге арналған 1000 теңгелік промокоды бар сыйлық сертификатын ала алады.

Промокодты пайдалану шарттары:

-сертификаттар қан тапсырғаннан кейін беріледі;

-жеңілдік – 1000 теңге:

-5000 теңгеден бастап тапсырыстаға жарамды.

-сертификаттың жарамдылық мерзімі – 2026 жылғы 31 тамызға дейін.

Сертификаттар саны шектеулі!

Донорларға көрсетілетін мұндай қамқорлық – жай ғана жағымды сыйлық емес. Бұл – адам өмірін сақтауға ерікті әрі өтеусіз үлес қосып жүрген жандарға деген шынайы ризашылық пен құрметтің белгісі. EMENU компаниясына донорлық қозғалысты қолдап, өтеусіз қан донорлығы мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Біз
бірге игі іс атқарып, қан мен онын компоненттерінің доноры болуға ниетті жандардың қатарын көбейтуге үлес қосып келеміз.

Қан тапсырып, адам өмірін сақтауға үлес қосыңыз және әлеуметтік серіктестерімізден жағымды сыйлықтарды алыңыз!

Құрметті шығысқазақстандықтар, сіздерді игі іске атсалысуға – қан және оның компоненттерінің доноры болуға шақырамызМеталлургтер күні құтты болсын!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33