Құрметті шығысқазақстандықтар, сіздерді игі іске атсалысуға – қан және оның компоненттерінің доноры болуға шақырамыз

Құрметті шығысқазақстандықтар, сіздерді игі іске атсалысуға – қан және оның компоненттерінің доноры болуға шақырамыз

Бүгін әрбір донорға Шығыс Қазақстан облыстық Қызыл Жарты Ай қоғамы филиалының қолдауымен ұсынылған сергітетін «AVA» лимонады сыйға беріледіМіне, қан тапсырып, мұқтаж жандарға көмек қолын созған алғашқы донорларымыз
да келіп үлгерді! Олар игі іс жасап қана қоймай, дәмді сыйлықтарын да алып үлгерді!
Қан донорлығын өтеусіз негізде дамытуға қолдау көрсетіп, донорларымызға қамқорлық
танытқаны үшін Шығыс Қазақстан облыстық Қызыл Жарты Ай қоғамы филиалына шын
жүректен алғысымызды білдіреміз. Осындай игі бастамалардың арқасында донорлық
қозғалыс мейірім мен жанашырлықтың жарқын үлгісіне айналып, адамдарды ең асыл
құндылық – адам өмірін сақтап қалу жолында біріктіреді.
Құрметті Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары, облыстық қан орталығына
келіп, донор атаныңыз және күн сайын науқастарға үміт сыйлап жүрген жандар қатарына
қосылыңыз. Мүмкін, дәл сіздің тапсырған қаныңыз біреуге өмір сыйлайтын мүмкіндік
болар.
Лимонад саны шектеулі, сондықтан ертерек келіп, өз сыйлығыңызды алып үлгеріңіз!

Құрметті достар, қуанышты жаңалығымыз бар!Біздің дорорларымызға тағы бір жағымды сыйлық!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33