Құрметті достар, қуанышты жаңалығымыз бар!
Бүгіннен бастап AB (IV) Rh+ (резус оң) қан тобы бар донорларды қайта қабылдай бастаймыз.
Егер сіздің AB (IV) Rh+ қан тобыңыз болса, сіздерді Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында күтеміз! Сіздің донорлығыңыз қан компоненттеріне мұқтаж науқастардың өмірін сақтауға үлкен үлес қосады.
Сіздерді дүйсенбіден жұмаға дейін 08:30-дан 13:00-ге дейін түскі үзіліссіз
күтеміз!
Әрбір донорға жанашырлығы мен адам өмірін сақтауға қосқан үлесі үшін алғысымызды білдіреміз!


