Біздің «Өмір тамшысы» айдарының бүгінгі кейіпкері Гречаник Алексей Дмитриевич

Біздің «Өмір тамшысы» айдарының бүгінгі кейіпкері Гречаник Алексей Дмитриевич

Алексей Дмитриевич-зерттеу инженері, оның жұмысы дәл есептеулермен, эксперименттермен және жаңа шешімдер іздеумен байланысты. Оның кәсібінде егжей-тегжейге назар аудару, шыдамдылық және дәлдікке ұмтылу маңызды. Алайда, зертханадан тыс өмірде оның тағы бір ерекшелігі бар – ол Донор.

Алексей Дмитриевич сирек кездесетін A (II) резус теріс қан тобының иесі. Ол өзінің қан тобы туралы жас кезінде білді, алайда қан тобының маңыздылығы туралы ойламады. Әріптесі ауыр апаттан кейін ауруханаға түскен кезде жағдай күрт өзгерді және сирек кездесетін қан тобы шұғыл қажет болды. Алексейдің  әріптесінің өміріне арашашы бола алатыны белгілі болды. Ойланбастан ол қан құю станциясына барады. Осы жағдайдан кейін ол тұрақты донорлардың қатарына қосылды. Қан тапсырған сайын ол: дәл осы 450 миллилитр қан біреудің өмірін сақтап қалуы мүмкін екендігіне көзі жетті. Ол сондай-ақ, төтенше жағдайларда оны қан тапсыруға шақыру үшін сирек кездесетін донорлар базасының мүшесі болды.

“Біз инженерлер күрделі құрылымдар, машиналар, механизмдер жасаймыз, алайда кейде өмірдегі ең құнды нәрсе – адамның өзі екенін ұмытып кетеміз! Ал біздің қанымыз – өзгенің өмірін құтқарып жатады! Сондықтан, егер басқа адамның өмірі біздің қолымызда болса, неге көмектеспеске!»- деп атап өтті біздің донор Алексей.

Біздің донордың тарихы, егер сіз оған саналы түрде қарасаңыз, сирек кездесетін ерекшеліктің де артықшылыққа айналуы мүмкін екендігінің мысалы болып табылады. Мамандығы бойынша инженер, алайда  ол адам өмірін құтқарушы, ол өзінің борышын -тек ғылымда ғана емес, өмірде де жалғастырады.

Құрметті Алексей Дмитриевич Сізге құтқарылған өмір  үшін зор алғысымызды білдіреміз! Сізге және сіздің отбасыңызға зор денсаулық, отбасыңызға  амандық тілейміз!

ҚР ҰҚК Шекара қызметіндегі алғашқы донорлық күн: Өмірді құтқарудағы маңызды қадамҚұрметті шығысқазақстандықтар

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33