Біз арнайы оқытып, насихаттау жұмысына дайындаған қан донорлығының амбассадорлары енді өздері мектептерде дәріс өткізіп, жастарға қан донорлығының маңызын түсіндіре бастады.
Бұл біз үшін ерекше маңызды, себебі дәл осындай белсенді жастар өскелең ұрпақ арасында өтеусіз донорлық мәдениетін дамытуға үлкен үлес қосады.
Бүгін «Қызыл Жарты Ай» қозғалысының студент-еріктісі, «Өскемен жоғары медициналық колледжі» КМҚК студенті Саяшова Айым «Облыстық мамандандырылған IT мектеп-лицейі» КММ жоғары сынып оқушыларына қан донорлығы тақырыбында дәріс өткізді.
Кездесу барысында ол оқушыларға донорлықтың ең маңызды тұстарын түсіндірді: кім донор бола алады, донор қаны неліктен адам өмірін сақтап қалу үшін қажет және әрбір адамның адамдарға көмек көрсетуде өз үлесін қалай қоса алатыны туралы айтты.
Оқушылар әңгімеге белсенді қатысып, сұрақтар қойып, тақырыпқа үлкен қызығушылық танытты. Кездесу соңында балаларға қан донорлығы туралы ақпараттық брошюралар таратылды.
Біз қан орталығының сенімді қолдаушыларына айналып, маңызды ақпаратты халық арасында насихаттап, өзгелерді ізгі әрі игі істерге жетелеп жүрген жастарымызды мақтан етеміз.




