Бірге АИТВ-ға қарсы
07.08.2023 ж. біздің қан орталығында «Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» ШЖҚ КМК (бұдан әрі – ШҚО ЖИТС) мамандарымен бірлескен кеңес өтті. Кеңесте «ШҚО ЖИТС» эпидемиологы Т.М. Башкирцева «Қазақстан Республикасы мен Шығыс Қазақстан облысындағы АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдай. 6 айдың қорытындысы бойынша АИТВ-инфекциясын анықтау» тақырыбында баяндама жасады. Медициналық бөлім жөніндегі орынбасары Т.Н. Войнова қан орталығында өндірілетін компоненттердің инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өткізілетін іс-шаралар кешені туралы айтты. Кеңес барысында сондай-ақ зертханаға дейінгі кезеңде донорларды мұқият іріктеу, эпидемиологиялық анамнезді сапалы жинау және халықтың осал топтарындағы адамдарды донорлыққа жібермеу және т. б. мәселелер қаралды.
Мамандардың көп жылғы ынтымақтастығы мен жоғары кәсібтілігі үшін «ШҚО ЖИТС» – қа алғысымызды білдіреміз.