БІРІКТІРЕТІН ИГІ ІС!
Дүниежүзілік қан доноры күніне орай Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы мен Додо Пицца Шығыс Қазақстан облысында өтеусіз қан донорлығын қолдау мақсатында арнайы акцияны іске қосады.
Енді Шығыс Қазақстан облысының қан және оның компоненттерінің донорлары DONORпромокодын пайдаланып, Додо Пицца -дан тапсырыс берген кезде 10% жеңілдік ала алады.
Жеңілдік келесі жағдайларда қолданылады:
· мобильді қосымша арқылы тапсырыс бергенде;
· жеткізу қызметіне тапсырыс рәсімдегенде;
· пиццерия кассасы арқылы сатып алғанда.
Бұл акция – адам өмірін сақтауға жанашырлықпен үлес қосып жүрген донорларға деген алғысымызды білдірудің тағы бір жолы. Әрбір донор қан мен оның компоненттерін құюға мұқтаж пациенттерге үміт сыйлап, шын мәнінде маңызды әрі ізгі іс атқарады.
Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы Додо Пицца ұжымына әлеуметтік жауапкершілігі, донорлық қозғалысты қолдауы және өтеусіз қан донорлығы мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін шынайы ризашылығын білдіреді. Осындай бастамалардың арқасында қайырымдылық жақындай түсіп, өзгелерге көмек көрсетуге дайын жандардың қатары күн сайын артып келеді.
Барлық донорларға кең жүректері, жанашырлығы және көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созуға әрдайым дайын болғандары үшін алғысымызды білдіреміз!
Қан тапсырыңыз.
Өмірді сақтаңыз.
DONOR промокоды арқылы жағымды бонустарға ие болыңыз!


