Бір тамшы қаннан- құтқарылған өмірге: оқушылар Қан орталығының жұмысымен танысты!

Бір тамшы қаннан- құтқарылған өмірге: оқушылар Қан орталығының жұмысымен танысты!

Бүгін, 17 қарашада, Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы ерекше
қонақтарды – «№48 мектеп қосымша білім беру орталығы» КММ-нің 8 сынып
оқушыларын қабылдады.
Оқушылар үшін танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия
барысында олар қан донорлығы туралы ақпарат алып қана қоймай, Қан
орталығының ішкі жұмыс барысымен де танысуға мүмкіндік алды.
Оқушылар мекеме жұмысының негізгі кезеңдерімен танысты:
донорларды қабылдау мен қан алудан бастап, оны зертханалық тексеру,
компоненттерге бөлу, сақтау және медициналық ұйымдарға беруге дайындау
үдерістеріне дейінгі жұмыстарды көрді.
Мамандар донор қанының маңыздылығы, оның кімдерге қажет екені
және әрбір қан тапсырудың артында қаншама еңбек жатқандығы туралы
айтып берді. Оқушылар «донорлық» деген ұғымның артында медицина
мамандарының жауапкершілік пен үйлесімділікті талап ететін ауқымды
жұмысы тұрғанын, бұл үдерісте әрбір бөлшектің маңызды екенін өз
көздерімен көрді.
Бұған дейін тек жалпы мағлұматалған жабдықтарды, зертханаларды
және жұмыс барысын өз көздерімен көру мүмкіндігі оқушылардың ерекше
қызығушылығын тудырды.
Мұндай экскурсиялар – медициналық мекемемен таныстыру ғана емес.
Бұл – жас ұрпақтың бойына мейірімділік пен жауапкершілік қасиеттерін
сіңіріп, өзгелерге көмектесудің қаншалықты маңызды екенін ерте жастан
түсіндіруге мүмкіндік беретін игі шара.
Мүмкін, бүгін оқушылардың біреуі донорлық туралы алғаш рет
ойланып, болашақта ерікті донор атанып, адам өмірін сақтап қалуға өз үлесін
қосар.
Біз жақсылық білімнен басталатынына, ал өзгелерге көмектесуге деген
ізгі ниет бала кезден қалыптасатынына сенеміз!
Қан орталығының жұмысына және донорлықтың маңызды тақырыбына
қызығушылық танытқаны үшін №48 мектептің ұстаздары мен оқушыларына
алғысымызды білдіреміз!

Қан донорлығы – адам өмірін сақтауға көмектесетін білім!Кәсіби жауапкершілік өзге адамның өмірі үшін жауапкершілікке айналған кезде!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33