Қан донорлығы – адам өмірін сақтауға көмектесетін білім!
Өскемен медициналық – стоматологиялық колледжінде қан донорлығы және оның компоненттеріне арналған танымдық дәріс өтті.
Кездесу болашақ медицина қызметкерлерімен – өздерінің кәсіби қызметін адам денсаулығы мен өміріне қамқорлық жасаумен байланыстыратын жастармен ұйымдастырылды.
Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының маманы, «Қазақстанның болашағы үшін» жастар ұйымының үйлестірушісі Мира Мустафина студенттерді донорлықтың негіздерімен таныстырып, қан донорлығы кімге және қандай жағдайларда қажет болатынын, қан тапсыру рәсімі қалай өтетінін және ерікті, өтеусіз донорлықты дамытудың неліктен маңызды екенін түсіндірді.
Студенттердің ерекше қызығушылығын практикалық сұрақтар тудырды: кім донор бола алады, қан тапсыруға қалай дайындалу керек, қандай да бір қарсы көрсетілімдер бар ма және донорлар адам өмірін сақтап қалуда қандай рөл атқарады?
Әңгіме қызықты әрі мазмұнды өтті. Студенттер талқылауға белсене қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жан-жақты жауаптар алды.
Болашақ медицина қызметкерлерінің донорлық туралы біліп қана қоймай, оның шынайы құндылығын түсінуі өте маңызды. Өйткені әрбір қан тапсырудың артында бір адамның үміті, сауығып кету және өмірін жалғастыру мүмкіндігі тұр.
Кездесуді ұйымдастыруға көрсеткен қолдауы, ашықтығы және жастар арасында ағартушылық жұмыстарды жүргізуге атсалысқаны үшін Өскемен медициналық -стоматологиялық колледжінің басшылығы мен оқытушылар құрамына алғыс білдіреміз!
Бүгінгі алған білім ертеңгі игі істерге ұлассын! Өйткені донорлық мәдениеті түсіністіктен басталады, ал адам өмірін құтқару – бейжай қарамаудан басталады!