Бүгін Облыстық қан орталығына Аяз ата мен Ақшақар қонаққа келді.
Қысқы қонағымыз өз сапарымен қызметкерлер мен донорларды қуанта қана қоймай, өзі де
қан тапсырып, Ақшақарға мейірімділік пен адамгершіліктің, бүгін көмекке мұқтаж
жандарға қамқор болудың жарқын үлгісін көрсетті.
Алайда жаңа жылдық ғажайып күндерді тек ертегі кейіпкерлері ғана емес, әрқайсымыз да
жасай аламыз.
Құрметті шығысқазақстандықтар!
Сіздерді 2025 жылы өтетін мерекелік донорлық акциямызға қатысуға шақырамыз!
Күні: 30 желтоқсан
Өтетін орны: Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы.
Жаңа жыл қарсаңында игі іс жасап үлгеріңіз – Сіздің игі істеріңіз біреудің мерекесін
жарқын етсін!
Өмір сыйлаңыз – донор болыңыз!

