Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында ұжымның нәзік жандыларын келе жатқан Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауға арналған жылы әрі әсерлі шара өтті
Ұжымның ер азаматтары нәзік жандыларға арнап ерекше мерекелік
бағдарлама дайындады: жылы лебіздер айтылып, әсерлі өлеңдер оқылып,
әсем әндер шырқалды. Мерекелік шара жылы лебіздерге, шынайы алғысқа және көтеріңкі көңіл-күйге толы болды. Біздің ер азаматтар аруларға
көтеріңкі көңіл-күй, ерекше ықылас пен көктемнің жылы шуағындай әсер
сыйлауға тырысты. Себебі олардың қамқорлығы, жоғары кәсібилігі және
мейірімге толы жүректерінің арқасында қан орталығында күн сайын адам
өмірін сақтап қалуға бағытталған маңызды жұмыс атқарылуда. Қымбатты әріптестер, өмірлеріңізде әрдайым қуаныш, шабыт, махаббат пен көктемгі
көңіл-күй орын алсын! Алдағы мерекелеріңіз құтты болсын!


