Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының қызметкерлері Өскемен жоғары медициналық колледжінің еріктілерімен бірлесіп, қала тұрғындарына қан донорлығының маңыздылығын еске салу мақсатында Өскемен қаласының көшелеріне шықты
Біздің қызметкерлер мен еріктілер ақпараттық материалдар таратып, қан донорлығының
маңыздылығы туралы айтып, қала тұрғындарын игі іске қосылуға – қан доноры атанып,
адам өмірін сақтап қалуға үлес қосуға шақырды!
Әрбір қан тапсырудың артында біреудің үміті тұрады. Бұл – науқастың сауығып кетуге
деген үміті, ананың баласының денсаулығының қайта қалпына келуіне деген үміті, отбасының жақын адамының қайтадан жанында болатынына деген үміті.
Бір рет қан тапсыру арқылы үш адамның өмірін сақтап калуға болады! Бұл сөздердің
артында жай ғана статистика емес, қан мен оның компоненттеріне күн сайын мұқтаж болып
отырған нақты адамдардың тағдыры тұр.
Біз жақсылықтың қарапайым қадамнан басталатынына сенеміз: донорлық туралы көбірек
білу, бейжай қалмау және бір күні қан орталығына келіп, біреуге өмір сүруге мүмкіндік
сыйлау.
Еріктілерімізге ерекше алғыс білдіреміз! Өзгелерге қамкорлық танытудың әрқайсымыздан
басталатынын өз үлгілерімен көрсетіп жүрген жас, белсенді әрі жанашыр жастарға
ризашылығымыз шексіз!
Донорлық қозғалысқа қосылыңыз! Мүмкін, дәл сіздің қаныңыз бір күні біреудің өмірін
сақтап, үмітіне айналып. бақытты аяқталған тағы бір оқиғаның бастауына себеп болар.
Сіздерді Өскемен қаласы, Көкжал Барақ көшесі, 11 мекенжайында орналасқан Шығыс
Қазақстан облыстық қан орталығында күтеміз!
Донорларды қабылдау уақыты: дүйсенбі жұма күндері, сағат 08:30-дан 13:00-ге дейін.
түскі үзіліссіз.
Донор болыңыз. Өмір сүруге мүмкіндік сыйлаңыз!


