Бүгін Қан орталығында ерекше қарбалас әрі шынайы қуанышқа толы күн болды. Әдеттегі донорларға қоңырау шалу мен жұмыс тыныштығының орнына – балалардың күлкісі, таңданысқа толы жанарлар және әр қабаттағы шынайы шаттық сезілді
Бізге қонаққа «№34 мектеп-лицейі» КММ 4-сынып оқушылары келді. Балалар үшін танымдық экскурсия ұйымдастырылып, оның барысында олар Қан орталығының қалай жұмыс істейтінін, донорлықтың не үшін қажет екенін және бір реттік қан тапсыру біреудің өмірін қалай құтқара алатынын білді. Оқушылар мамандарды үлкен қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойып, кұрал-жабдықтарды қызыға тамашалады. Осындай кездесулер ерте жастан өзгелерге көмек көрсетудің маңызын, жауапкершілік пен денсаулыққа қамқорлықты түсінуге ықпал етеді. «№34 мектеп-лицейі» КММ оқушылары мен ұстаздарына шынайы қуаныштары, жылы жүздері мен жағымды атмосфера үшін алғысымыз шексіз. Мүмкін, бүгін
кейбір балалар үшін донорлық – ізгі істерге бастайтын алғашқы қадам болған шығар.
кейбір балалар үшін донорлық – ізгі істерге бастайтын алғашқы қадам болған шығар.

