Бүгін — Ұлттық киім күні
Ұлттық киім — халқымыздың өткені мен бүгінін жалғайтын, ұлттың рухы мен мәдениетін танытатын құнды мұра. Әрбір өрнек пен нақышта ата-бабамыздың даналығы мен тарихы көрініс табады.
Бұл күн — еліміздің түкпір-түкпірінде ұлттық киімді кеңінен насихаттап, оның маңызын дәріптеуге арналған.
Келіңіздер, ұлттық құндылықтарымызды бірге қадірлеп, дәстүрімізді бірге дәріптейік!


