«Өскемен металлургиялық зауыты» АҚ-да донорлық акциялар белсенді түрде жалғасуда.
Бұрын қан тапсыруға арналған көшпелі акциялар бір күндік форматта өткізілетін
-бір күн, бір өмірді құтқару мүмкіндігі. 2025 жылдан бастап «Өскемен
металлургиялық зауыты» АҚ мұндай акцияларды екі күндік форматта ұйымдастыра
бастады. 2026 жылғы 17-18 наурызда бұл игі бастама жалғасын тапты. Осы күндері
астам зауыт қызметкері қан тапсырып, қан компоненттерін қажет ететін
науқастарға көмек көрсетті.
«Өскемен металлургиялық зауыты» АҚ – Шығыс Қазақстан өнеркәсібінің
жүрегі: алып цехтар, болаттай берік құрылымдар, ауыр еңбек және әр қимылдағы
дәлдік. Бірақ зауыттың шынайы байлығы – оның адамдары. Қайратты қолдар, қажырлы еңбек және жақынға деген қамқорлық – осының бәрі бұл зауытты ерекше
етеді.
Әрбір тамшы қан – құтқарылған өмір, әрбір донорлық қадам – зауыт пен оның
қызметкерлерінің мақтанышы. Нағыз күш – өндіріс қуаты мен адамгершілік қатар
жүргенде көрінетінін «Өскемен металлургиялық зауыты» АҚ дәлелдеді.
Осы игі іске атсалысқан барша донорларға алғыс айтамыз! Біз бірге болаттай
берікпіз, бірге талай өмірге үміт сыйлаймыз. Шынайы күш – бірлік пен жүректе!

