Бүгін, 2026 жылғы 31 тамызда, Шығыс Қазақстан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасында ұжымға арналған «Қан донорлығы туралы» тақырыбында ақпараттық-ағартушылық дәріс өтті
Кездесуді донорларды жинақтау бөлімінің аға фельдшері Елена Акентьева және
халықты донорлыққа насихаттау жөніндегі маман, Өскемен қалалық «Қазақстанның
болашағы үшін» жастар қоғамдық бірлестігінің ерікті-үйлестірушісі Мира
Мустафина өткізді.
Кездесу барысында қатысушыларға қан мен оның компоненттерін өтеусіз
донорлаудың маңыздылығы, донорлық қан кімдерге қажет екені, кімнің донор бола
алатыны, сондай-ақ донацияға дайындық ережелері мен донордың денсаулық
жағдайына қойылатын негізгі талаптар туралы ақпарат берілді.
Мамандар донорлық – қан құю ем алу, денсаулығын қалпына келтіру және адам
өмірін сақтап қалу үшін қажет адамдарға нақты көмек көрсету мүмкіндігі екеніне
ерекше назар аударды.
Мұндай кездесулер халықтың донорлық туралы ақпараттану деңгейін арттыруға
және донорлыққа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының ұжымына тақырыпқа қызығушылық
танытып, донорлық қозғалысты қолдауға дайын болғаны үшін алғыс білдіреміз!
Әрбір донация – бір адамның өміріне қосылған үлес. Донор болыңыздар және
сіздердің көмектеріңізге мұқтаж жандарға қолдау көрсетіңіздер!






