Бүтін, 23 қазанда, Қазақстан Республикасының басты мемлекеттік мерекесі Республика күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында донорлық акция өтті.

Бүтін, 23 қазанда, Қазақстан Республикасының басты мемлекеттік мерекесі Республика күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында донорлық акция өтті.

Республика күні – тәуелсіздігіміздің, бірлігіміздің және Отанымызға деген
мақтанышымыздың символы. Бұл – әрбір қазақстандық өзін үлкен әрі қуатты елдің
бір бөлшегі ретінде сезінетін мереке. Осындай ерекше күндері мемлекеттің күші
әрқайсымыздың игі істерімізден, өзара көмегімізден және бір-бірімізге деген
қамқорлығымыздан бастау алатынын еске салудың маңызы зор.
Осы мақсатта қан орталығына ең қымбат сыйды – өз қанын беруге ниет
білдірген
_ -ден астам жанашыр азамат жиналды. Әрбір донор адам өмірін
сақтап қалуға бағытталған үлкен игі істің бір бөлшегіне айналды. Өйткені қан құюды
қажет ететін жандар үшін донорлық қан – өмірге деген үміт пен жаңа мүмкіндік.
Бұл акция жай ғана игі іс емес, бірліктің символына айналды. Өйткені біз тек
бір-бірімізге қолдау көрсетіп, көмектесу арқылы ғана әлемімізді жарқын әрі мейірімді
ете аламыз.
Акцияға қатысқан барша азаматқа ақжарқын көңілдері мен көмек қолын созуға
дайын болғандары үшін шын жүректен алғыс айтамыз! Жасаған жақсылықтарыңыз
өздеріңізге еселеніп қайтсын!
Қазақстан Республикасы күні құтты болсын! Әр шаңырақта бейбітшілік, татулық
пен бақыт салтанат құрсын, ал жүректеріңізде Отанға және бір-біріңізге деген
сүйіспеншілік мәңгі ұяласын!

Жүрек жақсылыққа ашық болса, өмірге тағы бір мүмкіндік беріледі!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33