КВИ-ға қарсы вакцинаны

КВИ-ға қарсы вакцинаны

Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін облыстық қан орталығының қызметкерлері соңғы екі ай бойы КВИ-ға қарсы вакцинаны белсенді түрде алып келеді. Көптеген адамдар бұл вакцина бізді қалай қорғайды деген сұрақтар қойып жатады? Вакцина иммундық жауапты қалай тудырады?
Коронавирустық инфекция вирусының жойылып (өлтіріліп), тазартылған бөлшектерін енгізуге жауап ретінде дененің иммундық жүйесі ынталандырылып, ерекше антиденелер түзіледі. Коронавирустық инфекцияның патогенді вирусы ағзаға түскенде, вакцинациядан кейін пайда болған антиденелер вирустық ақуыздарға жабысып, оларды бұғаттайды. Бұл жағдайда вирус денеге зиян келтіре алмайды.
Көптеген адамдарды вакцинациялау ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға ықпал етеді. Неғұрлым көп адамдар вакцинацияланған болса, олардың ауруға шалдығу мүмкіндігі аз болады. Коронавирус індетінің одан әрі таралуын тұрақтандыру және алдын алу үшін халық арасындағы вакцинациялау 60% -дан кем емес деңгейде тұрақты ұстау керек.
Вакциналар қазіргі медицинаның маңызды жетістіктерінің бірі болып табылады және вакциналардың арқасында бүкіл әлемде вакцинамен басқарылатын инфекциялардан болатын ауру мен өлім-жітім азайды!
Құрметті қазақстандықтар! Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина егу туралы шешіміңіз тек Қазақстанда ғана емес, жалпы Жер шарында коронавирустық инфекцияны жоюға баға жетпес үлес қосты деп сенеміз!

Мейірімділік әлемді нұрға бөлейді!Бауырыңа өмір сыйла

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33