Дүниежүзілік қан доноры күні
Ерікті өтеусіз қан донорлығын қолдайтын Өскемен қаласының барлық ұйымдарының ішінде полиция қызметкерлері ең белсенді ұстанымға ие. Бүгін Дүниежүзілік қан доноры күніне орай облыстық қан орталығына «Глубокое ауданының полиция бөлімі» ММ-нің полиция қызметкерлері @oskemen_police @glubokoe.police қан тапсыру үшін келді.
Полиция подполковнигі, «Глубокое ауданының полиция бөлімі» ММ – нің бастығы Серік Манарбекұлы Акасовқа ынтымақтастық және өтеусіз ерікті қан донорлығын қолдағаны үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.
Өзгенің өмірін сақтап қалу үшін қан тапсырған барлық донорларға алғыс айтамыз.