«Глубокое аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ КМК-да Донор күні өтті!

«Глубокое аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ КМК-да Донор күні өтті!

Емдеудің қазіргі заманғы әдістерінің ешқайсысы қан компоненттерін құю сияқты халықтың қолдау дәрежесін қажет етпейді. Қан қызметі қан компоненттерін құюды қажет ететін науқастар мен донор арасындағы делдал болып табылады.
Қазіргі уақытта қан компоненттерін құю Шығыс Қазақстан облысы бойынша адам өмірінің мыңдағанын құтқаруға мүмкіндік береді, күтілетін ұзақтығын арттыруға және өміріне қауіп төндіретін аурулардан зардап шегетін науқастардың өмір сүру сапасын жақсартуға көмектеседі – ауыр ағымды босану кезінде көлікте немесе өндірісте авариялармен байланысты жарақаттар нәтижесінде туындаған үлкен қан жоғалту, сондай-ақ күрделі медициналық рәсімдер мен хирургиялық операциялар жүргізуді қолдайды. Шығыс қазақстан облысы бойынша барлық денсаулық сақтау ұйымдарын қан компоненттерімен қамтамасыз ету үшін «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК (бұдан әрі – ШҚ ОҚО) Өскемен қаласының және облыстың ұйымдарында тұрақты негізде донор күндерін өткізеді.
Осындай донорлардың бірі 2021 жылғы 02 қыркүйекте «Глубокое аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ КМК-де өтті.
Медициналық қызметкерлердің жұмыспен қамтылуына қарамастан, «Глубокое аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ КМК әкімшілігі және Глубокое кентінің тұрғындары облыс тұрғындарының игілігі үшін игі істер жасауға уақыт тапты.
ШҚ ОҚО «Глубокое аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ КМК-ның бас дәрігері Алексей Сергеевич Цедейкоға көп жылғы жемісті ынтымақтастығы, өзара түсіністігі, донорлық қозғалысты дамыту ісіне белсенді қосқан үлесі, сондай-ақ Донор күнін дайындау мен өткізу кезінде баға жетпес көмегі үшін зор алғысын білдіреді.
Глубокое кентінің барлық немқұрайлы емес тұрғындарына үлкен рахмет!

№13 хабарландыру№14 хабарландыру

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33