Дәрігерлер күні

Дәрігерлер күні

Бүгін дәрігерлер күні-адамдарға қызмет етудің қиын жолын таңдаған тамаша адамдардың кәсіби мерекесі! Дәрігер мамандығы – жер бетіндегі ең асыл игі істердің бірі және бұл адамдардың еңбегі әрқайсымыз үшін өте маңызды және қажет. Мереке күні белгіленбеген. Дәстүр бойынша дәрігер күні қазан айының бірінші дүйсенбісінде атап өтіледі. 2021 жылы мереке 4 қазанға келді.
Әлемде бірнеше ардақты да құрметті мамандықтар бар. Соның бірі – дәрігерлер. Оларды «Ақ желеңді абзал жандар, адам жанының арашашысы»деп жатамыз. Ауырсақ, сырқаттансақ бірден осы адамдарға жүгіреміз. Алдына барған бізге мейірім төге қарап, емдеп, ақыл-кеңестерін береді. Күн демей, түн демей қажет кезде жанымыздан табылады. Құрметті дәрігерлер, сіздерді халықаралық дәрігер күнімен құттықтаймыз! Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілей отырып, кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында биік асулардан көріне берулеріңізге тілектеспіз!

№15 хабарландыру(RU) Донорские дни

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33