ҚАЕУ-дегі Донор күні
2021 жылғы 21 сәуірде Қазақстан – Американ Еркін университетінің (бұдан әрі – ҚАЕУ) студенттері, оқытушылары мен қызметкерлері дәстүр бойынша «Донор күні» акциясына қатысты. Іс-шара үлкен табысқа ие және жыл сайын оның қатысушыларының саны артып келеді.
Бұл күні ҚАЕУ – нің бас ғимаратының медициналық кабинеті қан орталығына айналды. Студенттер мен оқытушылар таңертеңнен бастап игі іс жасауға – қан тапсыруға асықты. Бірақ алдымен әр ерікті дәрігердің тексеруін күтті: гемоглобинді тексеру, қан қысымын өлшеу, қан тобын және Rh факторын анықтау. Адам өмірін сақтап қалуға ниет білдіріп, өзінің қанын өзге біреуге сыйлаған донорларды ешкім назардан тыс қалдырмады.
«Донор күні» акциясын біздің университеттің дәстүрі деп санауға болады. Жылдан жылға ҚАЕУ – нің студенттері, оқытушылары мен қызметкерлері оған қуана-қуана қатысады. Осындай акцияға қатысуға ниет білдіргендер бірінші рет шешім қабылдаған жоқ» – деп атап өтті университет қызметкерлері.
Өз кезегінде облыстық қан орталығының басшылығы Қазақстан – Американ Еркін университетінің президенті, ҚР ҰҒА академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор Мамбетказиев Ережеп Альхаировичке ұзақ және жемісті ынтымақтастығы үшін шынайы алғысын білдіреді. Біз арамызда орнаған әріптестік пен өзара түсіністікті жоғары бағалаймыз.
Өтеусіз қан донорлығын дамыту ісіне қосқан белсенді үлесі, сондай-ақ осындай қайырымдылық акцияларын өткізу кезінде баға жетпес көмек көрсеткені үшін ҚАЕУ – нің ректоры, философия ғылымдарының докторы Айдар Ережепұлы Мәмбетқазиевке рахмет айтамыз.
Сіздерге табысты кәсіби даму тілейміз! Барлық донорларға түсіністік, ықыластығы үшін алғыс білдіреміз және мықты денсаулық пен амандық тілейміз!