«Донор –өмір сыйлаушы» балалар байқауы

«Донор –өмір сыйлаушы» балалар байқауы

1 маусым – балаларды қорғау күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында 2021 жылдың 20 – ыншы мамырынан бастап жыл сайынғы «Донорлық балалар көзімен» атты балалар байқауы басталады. Балалар байқауының мақсаты балалардың қан донорлығы, оның маңыздылығы, балалардың жанашырлық және мейірімділік сезімдерін тәрбиелеу қажеттілігі, өзгелердің қайғысын бөлісуге дайын екендіктері туралы білімдерін кеңейту. Биыл байқау балалардың салған суреттері мен қолөнер көрмесі форматында және «Донор – өмір сыйлаушы!» атты ұранмен өтеді.
Балалар байқауына қатысу үшін:
1. А3 форматындағы параққа сурет салу немесе қолөнер жасау;
2. 2021 жылдың 20 – ыншы мамырынан бастап 31 – інші мамырды қоса алғанда түскі үзіліссіз сағат 8:00-ден 15:30-ға дейін ЖМК, Көкжал Барақ көшесі, 11 мекен жайында орналасқан облыстық қан орталығына салған суретіңізді немесе қолдан жасалған бұйымыңызды әкелу қажет.
2021 жылдың 01 – інші маусымында сағат 10:00-де қан орталығында «Донорлық балалар көзімен» балалар байқауының барлық қатысушыларын дипломдармен және сыйлықтармен салтанатты марапаттау өтеді.
Байқауға 5 жастан 15 жасқа дейінгі балалар қатыса алады. Байқауға қатысыңыз және біздің сүйікті қан орталығынан сыйлықтар алыңыз!

P.S.Күнделікті өмірде адамдар ризашылықты ұмытып кетеді. Бірақ бұл өзіңізді энергиямен толтырудың және өміріңізді жаңа деңгейге көтерудің ерекше тәсілі. Көбісі оларға алғыс айтудың қажеті жоқ дейді, өйткені олардың өмірі қиын және қуанышсыз. Бірақ бұл шынымен де солай ма?
Егер адамның ниеті болса, онда ол әрқашан рахмет айтатын нәрсені табады. Бұл жаһандық немесе ерекше нәрсе болуы міндетті емес. Көбінесе керісінше болады, өйткені біз өте қарапайым нәрселерге шын жүректен қуанамыз.
Құрметті шығысқазақстандықтар, науқастардың өмірін құтқару жолындағы күнделікті, минут сайынғы ерлігі үшін біздің донорларымызға балаңызбен бірге үлкен рахмет айтуға сіздердің тамаша мүмкіндіктеріңіз бар!

Туған күніңізбен!Біздің донордың туған күні

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33