Жақсылық бізді біріктіреді!
Жаңа жылды игі істен бастау жақсылықтың белгісі дейді. Игі істі жасау жолына қашан түсетініңіз маңызды емес, маңыздысы осындай қадам жасауға бел буғаныңыз. Әсіресе, жасап жатқан игі ісіңіз сізді қан мен оның компоненттерінің донорлығына әкелсе. Олай дейтініміз, осы айда «ШҚО бойынша Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ-да ұйымдастырылған донорлық күннің тамаша мысалы.
Бүгін донор күні Қазақстан көшесі, 159/4 мекенжайынде өтті. Айта кету керек, бұл ұйымда мұндай қан алу шаралары соңғы бес жыл ішінде тоқсан сайын бір рет өткізіліп келеді. Дәстүр бойынша бұл күні осы ұйымға жақын маңдағы барлық азаматтар қан тапсырады. Бұл күні «Мечта» электроника дүкенінің, құрылыс және жиһаз дүкендерінің қызметкерлері де қан тапсыруға келді.
Біз барлық донорларға, әдеттегідей, мұқтаж жандарға көмек көрсеткендері үшін алғыс айтамыз. “ШҚО бойынша Азаматтарға арналған үкімет” МК КЕАҚ тату ұжымына тұрақты кәсібилігі үшін және, әрине, донор күнін ұйымдастыруда белсенді көмек көрсеткені үшін алғыс айтамыз. Біздің барлық донорларымыз бен ұйымдастырушыларымызға үлкен рахмет!