Донорлық анықтаманы қалай пайдалануға болады?

Донорлық анықтаманы қалай пайдалануға болады?

Донорлық анықтаманы қалай пайдалануға болады?

Донорлық функцияны жүзеге асырғаннан кейін Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес донорға «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» ҚР ДСМ-175/2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-123/е нысаны бойынша, («Қанды, оның компоненттерін дайындау, қайта өңдеу, сапасын бақылау, сақтау, өткізу номенклатураларын, қағидаларын, сондай-ақ қанды, оның компоненттерін құю қағидаларын бекіту туралы ҚР  ДСМ 2020жылғы 20 қазандағы № ҚР ДСМ-140 бұйрығының 13-1-тармағы) бір данада анықтама беріледі.

ҚР 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V Еңбек Кодексіне сәйкес

1) 1-ші күн донация күні пайдаланылуы мүмкін. Бірақ, егер донор жұмыс берушімен келісе отырып, донация күні жұмысқа шығуға шешім қабылдаса, онда оған басқа демалыс күні берілуі керек. Жұмыстағы жанжалды жағдайларды болдырмау үшін жұмыс берушіге қан қызметі мекемесіне алдағы сапар туралы алдын-ала хабарлауды ұсынамыз.

2-ші қосымша демалыс күні жыл сайынғы ақылы демалысқа қосылуы немесе қан мен оның компоненттерін тапсырғаннан кейін бір жыл ішінде басқа уақытта пайдаланылуы мүмкін. ⠀

Егер донация донордың демалыс күндері, аурухана парағы бойынша жұмыстан босату немесе демалыс кезеңінде өз есебінен өткізілсе, жұмыс беруші тек 1 күн демалыс береді.

Құрметті біздің донорлар! Көрсетілген мейірімділік пен адамгершілік әрекетіңіз үшін-өмірді сақтау үшін қан тапсырғаныңыз үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Сізді ерікті өтеусіз қан донорлары мен оның компоненттерінің қатарында қайта көруге қуаныштымыз.

 

Мейірімге толы жүрек!Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – әрбір азаматтың және бүкіл қоғамның міндеті.

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33