Донорлық ақпараттандырудан басталады!

Донорлық ақпараттандырудан басталады!

 

Өскемен қаласының тұрғындарын ерікті қан донорлығына тарту жұмыстары жалғасуда!
Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының қызметкерлері ЖМК ауданында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мамандар қоғамдық орындарды аралап, қала тұрғындарымен әңгімелесті, қан және оның компоненттерінің донорлығы туралы ақпараттық буклеттер таратты, донорлық қозғалыстың маңыздылығы туралы айтып, тұрғындарды донорлар қатарына қосылуға шақырды.
Кездесу барысында қала тұрғындары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қан орталығы мамандарынан толық жауап алды. Қан тапсыру шарттары, донорларға қойылатын талаптар және тұрақты ерікті донорлықтың маңыздылығы талқыланды.
Мұндай кездесулер күмәнді сейілтуге, кең таралған жаңсақ пікірлерді жоққа шығаруға және донорлық туралы маңызды ақпаратты әрбір адамға қолжетімді етуге көмектеседі.
Біз әрбір таратылған буклеттің, әрбір әңгіме мен әрбір шақырудың артында біреудің игі іс жасауға деген шешімі тұруы мүмкін деп сенеміз.
Өйткені донор болу – біреуге үміт пен өмір сүруге мүмкіндік сыйлау!
Донорлық қозғалысқа қосылыңыз! Бәлкім, дәл сіздің қаныңыз бір күні біреудің өмірін сақтап қалар.

(RU) ПРОДОЛЖАЕМ НАШУ ДОБРУЮ ТРАДИЦИЮ – ПОЗДРАВЛЯЕМ ИМЕНИННИКОВ!Қан донорлары керек!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33