Донорлық және спорт: Егер сіз жаттығып жүрген болсаңыз, қан тапсыра аласыз ба?
Спортшылар- денсаулыққа, тәртіпке және күшке қамқорлық жасауға
дағдыланған адамдар. Бірақ олардың көпшілігі мына сұрақты қояды:
донорлық дене шынықтыру мен жаттығуларға зиян тигізе ме?
Фактілер бойынша түсіндіру.
Донорлық пен белсенді өмір салтын біріктіруге бола ма?
Иә, болады. Сіз донор бола аласыз және сонымен бірге белсенді жаттығулар
жасай аласыз – бастысы – қалыпқа келу уақыты мен денеңіздің
ерекшеліктерін ескеру.
Донациядан кейін ағзаға не болады?
Стандартты донация кезінде 450 мл қан алынады – бұл жалпы көлемнің
шамамен 10%. Дене қан плазмасын 24-48 сағат ішінде, ал қызыл қан жасушаларын 2-3 апта ішінде қалпына келтіреді. Донациядан кейін бірден
төзімділіктің төмендеуі, әлсіздік, бас айналу болуы мүмкін – бұл қалыпты
және уақытша.
Донор спортшыларға арналған кеңестер:
Донацияға дейін:
•Бір-екі күнде жаттығулардың қарқындылығын төмендетіңіз.
•Көбірек су ішіңіз, кофеин мен алкогольден аулақ болыңыз.
•Қан тапсырған күні жаттығу жасамаңыз.
Донациядан кейін:
•Жаттығудан кем дегенде 24 сағат үзіліс жасаңыз, дұрысы – 48 сағат.
•Қалыпқа келуге және тамақтануға назар аударыңыз (темір, ақуыз, сұйықтық).
* Жүктемелерге біртіндеп оралыңыз, әсіресе кардио және күш жаттығуларына.
Неліктен спортшылар керемет донорлар?
•Олардың жүрегі мен қан тамырлары сау
•Олар салмақ пен тамақтануды бақылауда ұстайды
•Әдетте спортшыларда жақсы гемоглобин мен қысым болады
* Ең бастысы, олар нәтиже үшін күш салуға дағдыланған
Спорт төзімділікті, ал донорлық адам болуды үйретеді. Құрметті
спортшылар, сіздерді тегін ерікті донорлар қатарынан көруге қуаныштымыз.


