Донорлық эстафета Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-де жалғасуда!

Донорлық эстафета Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-де жалғасуда!

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің
студенттері, оқытушылары мен қызметкерлері С.Аманжолов атындағы ШҚУ-нен
кейін қан тапсыру игі дәстүрін жалғастырды.
2026 жылғы 14-15 қазанда университетте Донор күндері өтті, игі шара
университет қауымдастығын қан мен оның компоненттеріне мұқтаж науқастарға
көмек көрсету жолындағы маңызды іске біріктірді.
Екі күн бойы ШҚТУ студенттері мен қызметкерлері қан тапсыруға келіп, өз
үлестерінің біреудің сауығу тарихының бір бөлігіне айналуы мүмкін екенін түсінді.
Көптеген жастар үшін бұл донорлық туралы біліп қана қоймай, алғашқы нақты қадам
жасап, өзгелерге көмектесудің маңыздылығын өз тәжірибесі арқылы сезінуге
мүмкіндік болды.
Студенттермен қатар университеттің оқытушылары мен қызметкерлерінің де
донорлық қозғалысқа қатысуы ерекше қуантады. Ұстаздар үлгі көрсетіп, жастар бұл
бастаманы ықыласпен қолдағанда, жалғасын тапқанын қалайтын осындай игі дәстүр
қалыптасады.
Донорлық эстафета бір ұжымнан екінші ұжымға жалғасып, әрбір Донор күні
көмек қолын созуға дайын жандардың қатары арта түсуде.
Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-нің студенттеріне, оқытушылары мен
қызметкерлеріне донорлық акцияға қатысқандары, жанашырлық танытып, ерікті
өтеусіз донорлықты қолдағандары үшін алғыс білдіреміз!
Жақсылық жасау дәстүрі жалғасын таба берсін! Донорлық эстафета әрі қарай да
жалғаса берсін!

Донорская эстафета продолжается в ВКТУ имени Д. Серикбаева!
Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында практикалық оқу- жаттығу өттіҚұрметті Думан Арысланұлы, туған күніңіз құтты болсын!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33