Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында практикалық оқу- жаттығу өтті
2026 жылғы 29 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облыстық қан
орталығында жұмыс уақытында төтенше жағдай туындаған кезде хабарлау
жүйесінің дайындығын және қызметкерлердің іс-қимылдарын тексеру
мақсатында практикалық оқу-жаттығу өткізілді.
Іс-шара барысында қызметкерлерді хабардар ету және жинау,
азаматтық қорғаныс штабының, құрылымдық бөлімшелер басшыларының
және азаматтық қорғаныстың штаттан тыс құралымдарының өзара іс-
қимылын ұйымдастыру мәселелері пысықталды.
Персоналдың іс-қимылдарын практикалық тұрғыда пысықтауға,
қызметкерлердің белгіленген жиналу орнына уақтылы келуіне, көшпелі
бригадалардың жұмысын ұйымдастыруға, сондай-ақ қажетті материалдық, медициналық бұйымдардың, қан мен оның компоненттерінің
бар-жоғын тексеруге және қалдықтарын есептен шығаруға ерекше назар
аударылды.
Мұндай оқу-жаттығулар қызметкерлердің практикалық дағдыларын
жетілдіруге, ұжымның іс-қимыл үйлесімділігін арттыруға және ұйымның
төтенше жағдайлар кезінде жұмыс істеуге тұрақты дайындығын қамтамасыз
етуге мүмкіндік береді.
Практикалық оқу-жаттығу қорытындысы бойынша қызметкерлер мен
азаматтық қорғаныс штабының жұмысына оң баға берілді. Іс-шара
барысында қауіпсіздік ережелері мен талаптарының бұзылуы анықталған
жоқ.
Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында практикалық оқу-
жаттығулар тұрақты түрде өткізіліп, ұжымның төтенше жағдайлар кезіндегі
іс-қимылдарға дайындығын арттырудың маңызды бөлігі болып табылады.

