Донорлық қанның қауіпсіздігі – Шығыс Қазақстан қан орталығы жұмысының басты басымдығы. Донордың келуінен бастап қан компоненттерін медициналық ұйымдарға беруге дейінгі әр кезең қатаң медициналық бақылаудан өтеді
1-қадам. Донорды тексеру
Қан тапсырар алдында әрбір донор міндетті тексеруден өтеді:
1.денсаулық жағдайы туралы сауалнама;
2.қан қысымын, импульсті және дене температурасын өлшеу;
3.қан тобын, резус- факторын, гемоглобин деңгейін және АЛТ
белсенділігін анықтау;
4.дәрігердің кеңесі.
Бұл донордың да, реципиенттің де денсаулығын сақтау үшін қажет.
Алдын ала тексеру мен қан алудың барлық кезеңдерінде тек бір реттік
стерильді жүйелер қолданылады. Құралдарды қайта пайдалану толығымен
алынып тасталады.
2-қадам. Зертханалық қан тексерісі
Қанның әр дозасы міндетті зертханалық тексеруден өтеді:
1.АИТВ, мерез,В және С гепатиттеріне тестілеу;
2.қосымша сапа және қауіпсіздік көрсеткіштері.
Заманауи зертханалық әдістер инфекцияны ерте сатысында да
анықтауға мүмкіндік береді.
Қанның бірде-бір дозасы оның қауіпсіздігін растаусыз қолданылмайды.
3-қадам. Сақталуын бақылау
Қан компоненттері қатаң белгіленген температурада сақталады.
Температура режимі тәулік бойы бақыланады.
Донорлық қауіпсіз
Қан тапсыру процедурасы қауіпсіз, медицина қызметкерлерінің
бақылауымен өтеді және денсаулыққа зиян келтірмейді.
Қан жасанды түрде жасалмайды, сондықтан әрбір донация өмірді
құтқаруға нақты үлес болып табылады.
Донор болыңыз. Мүмкін сіздің қаныңыз біреудің өмірін сақтап қалуы
мүмкін.


