Қан донорлығы туралы – әлеуметтік оқиғалар тілі арқылы.
2026 жылғы 16 ақпанда облыстық бюджет қаражаты есебінен жүзеге
асырылатын «ШҚО халқының салауатты өмір салтын қалыптастыруды
өтеусіз қан және оның компоненттерінің донорлығын дамыту арқылы жүзеге
асыру» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде өтеусіз қан
донорлығына арналған әлеуметтік бейнеролик түсірілді. Бейнероликті
«Қазақстанның болашағы үшін» жастар ұйымы «Шығыс Қазақстан облыстық
қан орталығы» ШЖҚ КМК және «Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы»
ШЖҚ КМК-мен бірлесіп жасады. Жобаның басты мақсаты – қоғамның қан
донорлығының маңыздылығына назарын аударту, әрбір донорлықтың қан
құюды қажет ететін науқастар үшін өмірді сақтап қалуға мүмкіндік беретінін
көрсету, сондай-ақ облыс тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға және
игі донорлық қозғалысқа қатысуға ынталандыру. Жобаның барлық
қатысушыларына өтеусіз қан донорлығы мәдениетін дамытуға және өзара
көмек пен мейірімділік құндылықтарын насихаттауға қосқан үлесі үшін
алғыс білдіреміз.

