Донорлық өмірдің қадірін түсінуден басталады
2026 жылғы 10 қыркүйекте «№5 орта мектебі» КММ-де 10 және 11-сынып оқушыларына арналған донорлық сабақ өтті.
Кездесу жоғары сынып оқушыларына қан донорлығы туралы ақпарат алып қана қоймай, бір адамның қарапайым әрекеті басқа адамға шынайы көмек бола алатыны туралы ойлануға мүмкіндік берді.
Оқушылар алдында халықты донорлыққа насихаттау жөніндегі маман, Өскемен қалалық «Қазақстанның болашағы үшін» жастар қоғамдық бірлестігінің ерікті-үйлестірушісі Мира Мустафина сөз сөйледі.
Кездесу барысында оқушылар донорлық қан компоненттері кімдерге қажет екенін, медициналық ұйымдарда қан қорына деген қажеттіліктің неліктен үнемі сақталатынын және ерікті донорлардың қандай рөл атқаратынын білді. Ерекше назар өтеусіз донорлықтың азаматтық жауапкершіліктің, адамгершіліктің және көмекке келуге дайын болудың көрінісі екеніне аударылды.
Мұндай кездесулер мектеп оқушылары үшін аса маңызды. Дәл жасөспірімдік кезеңде өмірлік құндылықтар, адамдарға деген көзқарас және көмектің әртүрлі жолдары туралы түсінік қалыптасады. Кейде жай ғана жанында болып, қолдау көрсету жеткілікті болса, болашақта донор атанып, біреуге денсаулығын қалпына келтіруге мүмкіндік сыйлауға болады.
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Анна Андреевнаға Шығыс Қазақстан облысында өтеусіз қан донорлығын дамытуға қолдау көрсеткені, ағартушылық жұмыстарға ашықтық танытқаны және өскелең ұрпақтың бойында адамгершілік, мейірімділік, жанашырлық пен әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға қосқан зор үлесі үшін ерекше алғысымызды білдіреміз.
Осындай сабақтарда алған білімдері балалар үшін жай ғана ақпарат болып қалмай, болашақта игі істер жасауға негіз болсын.
Бүгін мейірімділікке тәрбиелей отырып, біз ертең көмек көрсету әр адамның табиғи тандауына айналатын қоғам қалыптастырамыз.





