Донорлық күн

Донорлық күн

2021 жылдың 16 қыркүйегінде “Ұлан ауданының аудандық ауруханасы” ШЖҚ КМК-да Таврия ауылының тұрғындары үшін донорлық күн өтті, ол осы жерде ұзақ үзілістен кейін бірінші рет ұйымдастырылды. Қан орталығының шығу пунктінің ыңғайлы орналасуы қан тапсыруды ұзақ уақыт күтпей-ақ тапсыруға мүмкіндік береді.
Қан тапсыру акциясына 20-ға жуық адам қатысты, бірақ олардың үштен бірі ғана донацияны жүзеге асырды. Қалғандары қандай да бір себептермен қан орталығы терапевтінің сауалнамасынан өтпей қалды.
Құрметті шығысқазақстандықтар, егер сіздің үйіңіздің немесе жұмыс орныңыздың жанында жылжымалы бригаданың көлігі тұрғанын көрсеңіз, онда міндетті түрде барып, қан тапсырыңыз. Есіңізде болсын, қан құю әлі де көптеген адамдардың, жол-көлік оқиғаларында зардап шеккендердің, күрделі ота кезінде қан жоғалтқан адамдардың, онкологиялық қан ауруларымен ауыратын науқастардың және балаларың өмірін сақтап қалудың жалғыз тәсілі болып қала береді.
Донорлық күннің барлық қатысушыларына үлкен рахмет!

Құрметті Өскемен қаласының және облыстың тұрғындары!Гемопоэздік дің жасушаларының донорлығы (ГДЖ) туралы қате түсініктер

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33