Донор қанындағы хилез: себептері және алдын алу жолдары
Қан хилезі
плазма құрамындағы липидтер (майлар) мөлшерінің
жоғарылауынан оның түсі бұлыңғыр, ақшыл немесе сүт түстес болып өзгеретін
жағдай.
Қалыпты жағдайда қан плазмасы мөлдір, сарғыш түсті болады. Хилез айқын
болған кезде плазманың сыртқы көрінісі өзгеріп, бұл зертханалық зерттеулерді
жүргізуді қиындатуы және қан компонентін әрі қарай пайдалануға әсер етуі мүмкін.
Хилездің себептері
Дені сау донорларда хилездің ең жиі кездесетін себебі — қан тапсыруға дайындық
жөніндегі ұсыныстарды сақтамау, әсіресе донорлыққа дейін майлы тағамдарды
тұтыну.
Басқа ықтимал себептер:
1)Триглицеридтер деңгейінің жоғары болуы;
2)Май алмасуының бұзылыстары;
3)Артық дене салмағы;
4)Қант диабеті;
5)Қалқанша безінің аурулары;
6)Липидтер алмасуының тұқым қуалайтын бұзылыстары;
7)Алкоголь тұтыну;
8)Кейбір дәрілік препараттарды қабылдау.
Хилездің алдын алу
Қан тапсыруға 1-2 күн қалғанда майлы, қуырылған және ысталған тағамдарды
тұтынуды шектеу немесе олардан бас тарту ұсынылады: май, майлы ет, майонез,
сары май, майлылығы жоғары сүт өнімдері, жаңғақтар мен дәндер.
Донорлыққа дейін жеңіл таңғы ас ішу ұсынылады: майсыз суда дайындалған
ботқа, қайнатылған картоп, майы аз балық, нан немесе бөлке нан, тәтті шай.
Құрметті
донорлар!
Донорлыққа дайындық бойынша ұсыныстарды сақтау хилездің пайда болу
ықтималдығын азайтуға және қанның сапалы компоненттерін алуға ықпал етеді.
Донорлыққа жауапкершілікпен қарағандарыңыз үшін рақмет!


