«Донор өмір сыйлаушы» атты ұранмен өткен донорлық акция
Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында, 2023 жылғы 29 тамызда облыстық қан орталығында «Донор – өмір сыйлаушы!» атты ұранмен донорлық акция өтті.
Донорлық-бұл өмірді сақтау үшін бейтаныс адамға өз қаныңызды берудің ерекше мүмкіндігі!
Біздің донорлық акциямыз серіктестеріміздің қолдауымен өтті: “EiraMed” ЖШС, Өскемендегі жалғыз жұптық @bachata_tut бачата мектебі, “Зумба” би @mirilazman фитнес-орталығы және “Pollcity” @pool_city_ukg балалар бассейні. Серіктестердің арқасында біздің донорлар қан донациясынан кейін сертификаттар мен абонементтер алды, ол туралы біз келесі жарияланымдарда айтып береміз. Таспаны парақтаңыз.
Біздің сүйікті Өскемен қаласының тұрғындарына донорлық қозғалысқа қатысқаны үшін үлкен алғысымызды білдіреміз және келе жатқан мерекелермен ҚР Конституциясы күнімен және қала күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Баршаңызға мықты денсаулық, амандық-саулық, молшылық, ашық аспан мен Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлденуін тілейміз!…
Бұл күні донорлық акцияға 55 адам қатысты.