Екі күндік мейірімділік пен ұлы миссия!

Екі күндік мейірімділік пен ұлы миссия!

11 және 12 қараша күндері Қан орталығы қабырғасында ерекше күндер өтті. Бұл күндері шығысқазақстандықтарды бір ортақ әрі асыл мақсат — адам өмірін құтқару — біріктірді.

Облыс тұрғындары гемопоэздік дің жасушалары (ГДЖ) донорларының — яғни, жиі айтылатын атауымен, сүйек кемігі донорларының — қатарына қосылу үшін тексеруден өтіп, талдама тапсырды. Бұл жай ғана медициналық процедура емес, ауыр қан ауруларымен, мысалы, лейкемия, лимфома және өзге де онкогематологиялық дерттермен күресіп жүрген адамдарға өмір сыйлауға мүмкіндік беретін игі іс.

Сүйек кемігі доноры болу — адамгершіліктің ең жоғары көрінісі. Себебі дің жасушаларды трансплантациялау көптеген науқастар үшін сауығудың жалғыз мүмкіндігіне айналады. Осындай жаны жомарт жандардың арқасында ауыр дертке шалдыққан адамдарда үміт пайда болады — өмірге, саулыққа және жарқын болашаққа деген үміт.

Бұл екі күн біздің өңірде қаншама мейірімді, жанашыр және рухы мықты адамдар бар екенін көрсетті. Біз сүйек кемігі донорларының Ұлттық тізіліміне қосылуға шешім қабылдап, бейжай қалмаған әрбір жанды мақтан тұтамыз.

Осы игі іске үн қосып, тексеруден өтіп, маңызды қадам жасаған барлық жандарға алғыс айтамыз! Сіздер — нағыз азаматтық әрі адамдық ерліктің үлгісісіздер. Сіздер бөліскен жақсылық жақындарыңыздың қуанышы, денсаулығы мен сүйіспеншілігі түрінде өздеріңізге жүз еселеніп қайтсын!

Мифтер, қорқыныш және шындық:”донор” сөзінің артында не жатырГемопоэздік дің жасушаларының ДОНОРЛЫҒЫ(ГДЖ): МАҢЫЗЫ ЖАЙЛЫ ТҮСІНІКТІ ТҮРДЕ

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33