Елорда күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында қала тұрғындарын ортақ әрі аса маңызды іске – адам өмірін сақтап қалуға жұмылдырған донорлық акция өтті

Елорда күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында қала тұрғындарын ортақ әрі аса маңызды іске – адам өмірін сақтап қалуға жұмылдырған донорлық акция өтті

Мереке күндері жақындарымызбен қауышып, қуанышқа бөленіп, тынығуға
мүмкіндік береді. Алайда, өкінішке қарай, ауру-сырқау демалыс пен мереке күндерін
таңдамайды. Ауруханаларда күн сайын қан мен оның компоненттеріне өмірлік
қажеттілігі бар пациенттер болады. Сондықтан бүгінгі әрбір донация – өмір үшін
күресіп жатқан жандарға берілген нақты үміт.
Мереке алдындағы қарбаласқа қарамастан, уақыт тауып, қан орталығына келіп,
көмекке ерекше мұқтаж жандарға өзіңіздің бір бөлшегіңізді сыйлаған әрбір донорға
шын жүректен алғыс айтамыз. Сіздердің жанашырлықтарыңыз, мейірімділіктеріңіз
және өзгеге қол ұшын созуға әрдайым дайын екендіктеріңіз – баға жетпес құндылық.
Мейірімді жүректеріңіз, азаматтық жауапкершіліктеріңіз және әлемді жақсартуға
деген ниеттеріңіз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздер сияқты жандардың
арқасында күн сайын адам өмірі сақталып, отбасылар үшін ең қымбат құндылық –
үміт сақталып келеді.
Бүгінгі жасаған жақсылықтарыңыз міндетті түрде мықты денсаулық, береке-
бақыт және шаттық болып өздеріңізге қайта оралсын. Елорда күні құтты болсын! Бұл
мереке бірлік, бейбітшілік және өзара қолдаудың нышанына айналсын!

ШҚО бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ-дағы донор күні03.07.2026 ж. ШҚО қан орталығында Астана күніне орай донорлық акция ұйымдастырылды

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33