ШҚО бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ-дағы донор күні

ШҚО бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ-дағы донор күні

Жақсы дәстүрлер адамдарды біріктіреді! Бүгін ШҚО бойынша «Азаматтарға
арналған үкімет» МК» КЕАҚ-да кезекті донор күні өтті, оның
аясында қызметкерлер қайтадан өтеусіз қан тапсыруға қатысты.
Осы ұжымның мемлекеттік қызметшілері 10 жылдан астам уақыт бойы Шығыс
Қазақстан облыстық қан орталығының сенімді серіктестері болып келеді. Олар жыл
сайын донорлық қозғалысты белсенді түрде қолдап, жоғары әлеуметтік
жауапкершілік пен азаматтық ұстанымның үлгісін көрсетіп келеді.
Әрбір донация – күн сайын қан құюды қажет ететін науқастарға үміт сыйлаудың
нақты мүмкіндігі. Осындай бастамалардың арқасында қан компоненттерінің қажетті
қоры сақталып, көмекке мұқтаж жандарға уақтылы көмек көрсетуге мүмкіндік туады.
ШҚО бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» МК»
КЕАҚ ұжымына көпжылдық ынтымақтастығы, бейжай қарамауы және өтеусіз қан
донорлығын үздіксіз қолдауы үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздердің
игілікті үлгілеріңіз алдағы уақытта да көптеген адамдарды донорлық қозғалысқа
қосылуға, бірлесіп адам өмірін құтқаруға жігерлендірсін!

02.07.2026 ж. «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ ШҚО ДОНОР КҮНІЕлорда күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында қала тұрғындарын ортақ әрі аса маңызды іске – адам өмірін сақтап қалуға жұмылдырған донорлық акция өтті

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33