Елімізде алғаш рет «Құрметті донор» марапаты тағайындалды

Елімізде алғаш рет «Құрметті донор» марапаты тағайындалды

Қазақстанда алғаш рет қан донорларына арналған «Құрметті донор» төсбелгісі енгізілді.

Алғашқы марапат талаптарға толық сәйкес келетін 481 тұрақты донорға табысталады.

Төсбелгі:
• қан және тромбоцит донорлығын кемінде 40 рет;
• қан плазмасын кемінде 70 рет өтеусіз тапсырған азаматтарға, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға беріледі.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде жыл сайын 180 мыңнан астам адам қан доноры атанады.

Бір адамның донорлығы бірнеше адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін.

Жақсылыққа бастар алғашқы қадам – ең маңыздысы қадам!Алақай! Шығыс Қазақстанның донорлары үшін жаңа мүмкіндіктер!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33