Жақсылыққа бастар алғашқы қадам – ең маңыздысы қадам!
Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығына алғаш рет Өскемен
қаласындағы Мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері келді. Бұл
сапар қан қызметімен танысумен ғана шектелмей, адам өмірін сақтап қалуға
қосылған маңызды үлеске айналды.
Донацияның барлық кезеңінен өту барысында халықты донорлыққа
насихаттау жөніндегі маман, «Қазақстанның болашағы үшін» Өскемен
қалалық жастар қоғамдық бірлестігінің ерікті-үйлестірушісі Мира Мустафина
қонақтарды Қан орталығының жұмысымен таныстырды. Ол әр кезеңде
бөлімдердің қызметі қалай ұйымдастырылғанын, донорлық қанның қандай
зерттеулерден өтетінін, оның компоненттерге қалай бөлінетінін және
медициналық ұйымдарға жеткізіліп, қан құюды қажет ететін пациенттерге
көмектескенге дейінгі жолын жан-жақты баяндап берді.
Осындай таныстырудың арқасында қызметкерлер тек донор болып қана
қоймай, қан қызметінің жұмысымен ішінен танысып, оның қаншалықты
күрделі, жауапты әрі маңызды екенін тереңірек түсіне алды.
Осы күні Мемлекеттік фельдьегерлік қызметтің 10-нан астамқызметкері
ерікті өтеусіз қан донорларының қатарына қосылды. Олардың игі ісінің
арқасында өмірлік маңызы бар қан компоненттерінің қоры толықтырылып,
қажетті қан құюды күтіп отырған көптеген пациентке дер кезінде
медициналық көмек көрсетуте мүмкіндік артты.
Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы Өскемен қаласындағы
Мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің ұжымына өтеусіз қан донорлығын
қолдағаны, белсенді азаматтық ұстанымы және бүгін көмекке ерекше мұқтаж
жандарға қол ұшын созуға әрдайым дайын екені үшін шынайы алғысын
білдіреді.
Донорлыққа небәрі бірнеше минутын арнау арқылы адамға ең қымбат
сый – өмірге деген үміт пен мүмкіндік сыйлауға болатынын түсінетін әрбір
жанға алғысымыз шексіз

