Жастар донорлықты қолдайды! Жастар өмірді қолдайды!
Бүгін «Өскемен жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК студенттері Өскемен қаласының көшелеріне шығып, қала тұрғындарын маңызды іске — қан доноры болуға шақырды!
Болашақ медицина қызметкерлері қанның әрбір тамшысының қаншалықты құнды екенін және оның бір адамның тағдырын қаншалықты өзгерте алатынын жақсы біледі. Студенттер өз бастамалары арқылы адам өмірін сақтап қалу қарапайым, бірақ өте маңызды қадамнан — өзгеге көмектесуге деген ниеттен басталатынын еске салады.
Бәлкім, дәл бүгін біреу осы үндеуді естіп, донор болуға шешім қабылдар. Ал бір күні оның тапсырған қаны бір адамға өмір сүруге, сауығып кетуге және жақындарымен қайта қауышуға мүмкіндік сыйлар.
Біз студенттерге белсенді азаматтық ұстанымдары, мейірімді жүректері және қаламызда ерікті донорлық мәдениетін дамытуға қосып жүрген үлестері үшін алғыс білдіреміз!
Өскемендіктер, сіздер де қосылыңыздар! Шет қалмаңыздар — сіздің қаныңыз бір адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін!
Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында қан тапсыру үшін мына мекенжайға келуге болады:
Өскемен қаласы, Көкжал Барақ көшесі, 11.
Донорларды қабылдау уақыты: дүйсенбі–жұма, сағат 08:30-дан 13:00-ге дейін, түскі үзіліссіз.
Донор бол — өмір сүруге үміт сыйла!

