Жақсылық жасап жарысайық!
Донорлық – бұл игі іс, оған күмән жоқ. Адам біреудің өмірін сақтап қалу үшін саналы түрде донор болады.
2024 жылғы 13 және 14 наурызда «5518 Әскери бөлімі» РММ әскери қызметшілері өз бөлімшелерінде «Игі іс жаса – қан тапсыр!» атты ұранмен донорлық акция ұйымдастырды. Акцияның мақсаты-қан тапсыру, сол арқылы облыстық қан орталығында қан компоненттерінің қорын толықтыру және өзге адамның өміріне бей-жай қарамайтындығын көрсету. Екі күн ішінде акцияға _ ден астам әскери қызметшілер қатысты.
Мейірімділік – адамның бойындағы ең жағымды қасиеттердің бірі. Мейірімді адам рухани құндылықтарды материалдық құндылықтардан жоғары қояды. Өзінің жаңашырлығымен және таза ниетімен ерекшеленеді. Біз қаншалықты көп жақсылық жасасақ, соғұрлым бақытты боламыз. Осылайша, бақыт бізге бумерангпен оралады. Осы екі күн ішінде біз облыстық қан орталығының жалғыз емес екендігін көрсеткіміз келді және біз, жауынгерлер әрқашан өз қанымызбен науқастарды қолдауға дайынбыз», – деп атап өтті 5518 ӘБ әскери қызметшілері.
Біздің ержүрек, батыл және мықты әскери қызметшілеріміз,Сіздерге рахмет айта отырып, Сіздерге алаңсыз қызмет етулеріңізді тілейміз, жоғары лауазым мен сәттілік ешқашан кетпесін. Бейбітшілік пен денсаулық, жаңа табыс пен жетістіктер, махаббат пен отбасылық бақыт тілейміз.