Жүректің таңдаған жолы
Донорлық көктамырдан басталмайды. Донорлық жүректен басталады –
кімге екенін білмей де көмек көрсетуге деген ниеттен басталады. Өзінің бір
бөлігін беруге дайын болудан басталады, сол арқылы басқа біреу өмір сүре
алады, дем ала алады, жақындарын құшақтай алады, үйіне орала алады.
Донорлық – дабырасыз, үнсіз ерлік. Көп жағдайда донор кімнің өмірін бүгін сақтап жатқанын білмей кетеді. Бірақ әрбір донация – адамгершіліктің
көрінісі. Бұл – қиын сәттегі адамдарға көмектесуді таңдау, тіпті оларды
ешқашан көрмесеңіз де.
Донорлық тек денені ғана емдемейді. Донорлық жанды емдейді – көмек алушыны да, берушіні де. Өйткені жүректен жасалған жақсылық
әрқашан қайтып оралады. Донорлық – бұл жүректің: «Мен қасыңдамын»
деген сөзін білдіреді. Осы жолды таңдаған әрбір адамға алғысымыз шексіз.


