«Защита» станциясындағы Донор күні: қанға мұқтаж жандарға бірге көмектесейік
2026 жылғы 2 қыркүйекте «Защита теміржол ауруханасы» ЖШС-де Донор күні
өтті.
Бұл күні аурухана қызметкерлері мен «Защита» ауданының тұрғындары қан
тапсырып, донорлық қан компоненттеріне мұқтаж пациенттерге көмек көрсетуге өз
үлестерін қосу үшін ауруханаға келді.
Донорлық – қарапайым, бірақ маңызы зор игі іс жасауға мүмкіндік береді. Әрбір
донация медициналық ұйымдарды қажетті қан компоненттерімен қамтамасыз етуге
ықпал етіп, ем қабылдап жатқан адамға қолдау бола алады.
Донор күніне қатысып, уақыт тауып келген баршаңызға алғысымызды
білдіреміз! Жанашырлық танытып, бейжай қалмай, өзгелерге көмектесуге дайын
болғандарыңыз үшін рақмет!
Игі істер бізді біріктіріп, донорлық – адамдардың өмірі мен денсаулығына деген
қамқорлық екенін әрдайым еске салып отырсын!
Әрбір донорға алғысымызды білдіреміз!

