«Криопреципитатты қолдану»
Мұздатылған криопреципитат – криопреципитация әдісімен жаңа мұздатылған плазмадан алынған плазмалық коагуляция факторларының концентрацияланған қоспасы (донорлық қанның жаңа мұздатылған плазмасының белгілі бір режимінде еріту кезінде плазма ақуыздарының тұнбаға түсуі) -25°С – тан -35°С –қа дейінгі температурада сақталады, фибриноген – кем дегенде 140 мг, басқа ақуыздар (Виллебранд факторы, фибронектин, антитромбин III).
Криопреципитатты қолдану пациенттерде қан кетудің алдын алу және тоқтату үшін көрсетілген:
1) афибриногенемия және гипофибриногенемия кезінде;
2) гипокоагуляция фазасында таратылған тамырішілік қан ұю синдромы кезінде;
3) А гемофилиясымен;
4) Виллебранд ауруы кезінде;
5) сондай-ақ қажет болған кезде сұйықтықтарды парентеральді енгізу көлемдерін шектеу қолданылады.
Криопреципитаттың бір дозасында кемінде 80 МЕ VIII фактор және орташа есеппен 250 мг фибриноген бар. Ересек адам үшін орташа тәуліктік доза 10 дозаны құрайды, яғни 200 мл. Криопреципитат құю терапиясының ұзақтығы қан кетудің ауырлығы мен орналасуына және қол жеткізілген клиникалық әсерге байланысты. Криопреципитатты құю кезінде АВ0 жүйесі бойынша донор мен реципиенттің қанының үйлесімділігі ескеріледі. Резус жүйесіндегі үйлесімділік міндетті емес, өйткені криопреципитат жасушасыз орта болып табылады, алайда кропреципитаттың көлемді құюында (1 л-ден астам) резус донордың реципиентпен үйлесімділігі міндетті болып табылады. Ерігеннен кейін криопреципитатты бір сағат ішінде қолдану керек, қайта мұздатуға болмайды.