Қан – адам баласының өміріндегі ең маңызды ресурс

Қан – адам баласының өміріндегі ең маңызды ресурс

Адамдар қауіпті жағдайларға түсіп, күрделі операция жасау қажеттілігі туғанда қан құйдыру керек болады. Мұндай кезде донорлық қанның маңызы зор.

ШҚО “Ассамблея жастары” жастар бірлестігінің мүшелері жақында өздерінің азаматтық ұстанымдарын танытып, Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында өткен “Қан тапсыр – өмірді сақта” атты акцияға белсене қатысты. Жастар өзгелердің өмірін сақтап қалу секілді ізгі іске атсалысып, үлес қосқандарына қуанышты екендіктерін жеткізді.

“Бұл – менің донор ретіндегі алғашқы тәжірибем. Әрине, толқығанымды, қорыққанымды жасырмаймын. Осындағы сауатты мамандардың арқасында қорқынышым сейіліп, өзімді еркін сезіндім. Процедура тез әрі ауыртпалықсыз жүргізілді. Мен алдағы уақытта тұрақты донор бола аламын деп үміттенемін. Өйткені қоғамға өз пайдамды тигізіп, басқаларға көмектескім келеді” дейді белсенділердің бірі Рафаиль Вергуязов.

Дәрігерлер жас буын өкілдерінің талабына ризашылықтарын білдірді. Достық үйі мен облыстық Қан орталығының арасындағы берік байланыс өскелең ұрпақтың адамгершілік тұрғыдан дамуына және ізгілік мұраттарын қалыптастыруға ықпал етеді.

“Біз Достық үйімен көптен бері ынтымақтасып келеміз. Мекеме өкілдері біздің акцияларымызға үнемі қатысады. Жастардың донорлықтың күнделікті өмірде аса қажеттігін терең түсінетіні қуантады. Қан қоры әрқашан жеткілікті мөлшерде болуы керек, өйткені, науқастарға, зардап шеккендерге, яғни қиын жағдайға тап болғандарға жедел және уақтылы көмек көрсету қажет. “Ассамблея жастары” мүшелеріне игі істер жасауға ұмтылғаны үшін алғыс айтамыз” дейді ШҚ ОАК донорлыққа халықты үгіттеу жөніндегі маманы Мира Ақылбекқызы Мұстафина.

Ал Сіз бұрын-соңды донор болып көрдіңіз бе? Пікіріңізбен бөлісіңіз

Хаттама №4Медицина қызметкерлері жас пен кәріге

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33